Кіру

Басты бет
Бонн қаласында өткен SSCC Кеңесші комитетінің отырысында елдің авиациялық қауіпсіздік саласындағы тәжірибесін таныстырылды

22/12/2025

SSCC Кеңесші комитетінің отырысы Германияның Федералдық көлік министрлігінің алаңында өткізілді. Оған Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлері қатысты. Іс-шараға мемлекет өкілдері, халықаралық ұйымдар, авиациялық әкімшіліктер мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандар, соның ішінде IATA, EASA, IFALPA және CANSO сарапшылары бірікті. Отырыс барысында 2025 жылға арналған SSCC қызметінің қорытындылары шығарылып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Safer Skies бастамасын дамыту және геосаяси тұрақсыздық жағдайында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық мамандар пікірталастар мен тәжірибе алмасуға белсенді қатысты, тәуекелдерді басқару және ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз етудің практикалық тәсілдерін ұсынды. Қатысушылар Алматыда өткен кездесулер мен Астанада әуе компаниялардың қатысуымен өткізілген практикалық семинарды қоса есептегенде, Қазақстан тәжірибесін жоғары бағалады.

Арнайы назар жедел ақпарат алмасу, азаматтық-әскери өзара әрекеттестік мәселелеріне, сондай-ақ GNSS жүйелерінің жұмысындағы бұзылыстар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға байланысты азаматтық авиацияға қауіп-қатерлерге аударылды.

Қазақстанның SSCC жұмысына қатысуы елдің ИКАО халықаралық стандарттарына бейілділігін және авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мен үздік халықаралық тәжірибемен бөлісуге деген мүдделілігін растайды.