06/04/2026
Санкт-Петербургте Халықаралық көлік – логистикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі жанындағы Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс (сараптамалық) тобының отырысы өтті.
2026 жылы Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы қатысушы елдердің арасындағы практикалық күн тәртібін қалыптастыра отыра және өзара іс-қимылын үйлестіре отыра, жұмыс тобына төрағалық етеді. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов басқарды.
Қатысушылар Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы өзгерістерді, ұлттық заңнаманы жетілдіруді, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі 17-қосымшаға №19 түзетуді, сондай-ақ заманауи технологиялар мен тәуекелге бағдарланған тәсілдерді қолдануды қоса алғанда, саланы дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.
Қазақстан USAP-CMA бағдарламасы бойынша ИКАО аудитінен өту тәжірибесін ұсынды, оның қорытындысы бойынша стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті-бұл өңірдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған авиациялық инспекторлардың кадр ресурстарын жоспарлау әдістемесі таныстырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдетуге, тұрақты тәжірибе алмасуға және өңірдегі авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және азаматтық авиацияны орнықты дамыту үшін келісілген шешімдер әзірлеуге мүдделілігін растады.