Кіру

Басты бет >
Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы тұтанды

30/05/2020

Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы тұтанды.


Әуе кемесі Семей – Үржар бағыты  бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін орын алды, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.