10/01/2020
Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа халықаралық бағыттарды ашу жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде. 2019 жылғы желтоқсанда Акаба (Иордания) қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясында ұйымдастырылатын әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы кезекті конференциясында (ICAN 2019) Комитет пен Беларусь Республикасының авиациялық билігімен қол жеткізген келісімге сәйкес, "Белавиа" әуе компаниясы Қазақстан қалаларына бірқатар рейстерді ашады.
Қазіргі уақытта әуе компания 2020 жылдың жазғы кезеңінде орындалатын Минск - Ақтау, Минск - Қарағанды, Минск - Павлодар және Минск - Қостанай рейстеріне әуе билеттерді сатуды бастады.
"Белавиа" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жыл бойы рейстерді орындайды. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Минск – Алматы бағытындағы рейстер күн сайын орындалатын болады.