Кіру

Басты бет >
Бек Эйр әуекомпаниясының жолаушылары үшін ақпарат

29/12/2019

Bek Air компаниясының 7 қаңтарға дейін рейстеріне билет алған жолаушылар үшін Air Astana компаниясы бос орын болған жағдайда Bek Air компаниясынікінен қымбат емес баға ұсынатын болады. Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласына қатынайтын және 27-29 желтоқсан аралығында кері қатынайтын қосымша 5 рейс қосты. Air Astana әуе компаниясы Bek Air жолаушыларын қажетті жеріне уақытында жеткізу мақсатында ішкі рейстерді қосу жұмыстарын жалғастыруда.

SCAT әуе компаниясы Bek Air компаниясының жолаушыларын тасымалдауға көмектесу мерзімін 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. Bek Air жолаушыларын тасымалдау бос орын болғанда ғана жүзеге асырылады. Тасымалды жүзеге асыру үшін Bek Air компаниясына хабарласу керек.Сонымен қатар, SCAT компаниясы Bek Air экипаждарын аймақтардан тұрғылықты жерлеріне жеткізуге көмектесті.

Qazaq air әуе компаниясы 2019 жылы 31 желтоқсанға дейін Bek Air жолаушыларын тасымалдауда қолдау көрсетуді жалғастырады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы Бек Эйр әуе компаниясы рейстерінің жолаушылары үшін қосымша пойыз ұйымдастырды.Пойыз 2019 жылдың 30 желтоқсанында сағат 22.03-те Нұр-Сұлтан-1- стансасынан жолға шығып, Алматы-2 стансасына 2019 жылғы 31 желтоқсан сағат 17.30.

Қосымша ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының ақпараттық қызметінің 105 бірыңғай телефон нөміріне хабарласыңыз.

Теміржол көлігінің түрін пайдаланғысы келетін жолаушылар Бек Эйрдің өкілдерімен байланысуы керек.

Байланыс орталықтарының телефондары:

  • «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ +77172613187;

  • Эйр Астана әуекомпаниясы +77172584477, +77272444477, +77027024477;

  • SCAT +77252998880 (ішкі 277, 278);

  • Qazaq Air +77273561414;

  • Бек Эйр +77273545000, +77017334576.

Байланыс орталықтары жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері де тәулік бойы жұмыс істейді.