17/02/2020
2020 жылдың 3 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бейсенбек Әлиевтің қаулысымен Bek Air әуе компаниясының Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне пайдаланушы сертификатын және ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тоқтату туралы шешімнің күшін жою туралы өтініші бойынша сот ісі жабылды. Сот отырысы барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сарапшылары Алматы қаласындағы әуе апатынан кейін жүргізілген әуе компанияның жоспардан тыс тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды.
«Жоспардан тыс тексерудің аралық актісінде ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы заңнама талаптарының айтарлықтай бұзушылықтары көрсетілген. Аралық актіде көрсетілген бұзушылықтар пайдаланушы сертификатын тоқтата тұруға негіз болып табылады», - делінген сот қаулысында.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтатылуына "Фоккер-100" ұшағының апатқа ұшырауы себеп болғанын хабарлады. Бұл туралы 2019 жылғы 27 желтоқсанда ұшақ апатынан кейін "Bek Air" АҚ-қа жіберілген тікелей радиограммада көрсетілген. Шешім «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңға сәйкес қабылданды, онда сертификат ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін заң талаптарын айтарлықтай бұзушылықтар анықталған жағдайда шектелетіні анықталды.
Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" пайдаланушы сертификатының және ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. Бұл шешім әуе компанияда соңғы үш жыл ішінде екі ірі оқыс оқиғаның орын алғандығына негізделген. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында жиналған ұшу сағаттарының санына сүйене отырып, қауіпсіздікпен байланысты мәселелердің жиілігі әуетасымалдаушы үшін қауіпсіздіктің рұқсат етілген деңгейінен едәуір жоғары болды.
Сертификаттардың қолданылуын тоқтата тұру нәтижесінде "Bek Air" әуе компаниясының қолданыстағы пайдаланушы сертификатын мұқият тексеру басталды, оның барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұрын хабарлады.Сондай-ақ, тексеру әуе компанияның әуе кемелеріне жөндеу жүргізілген Bek Air техникалық орталығын қамтыды. Нәтижесінде бірінші деңгейдегі елеулі бұзушылықтар анықталды, соның негізінде азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты ескертулерді жойғанға дейін тоқтатылды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Bek Air» АҚ қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеруінің нәтижелерін 2020 жылдың 27 ақпанына дейін әуе компанияға жібереді. Хат алғаннан кейін әуе компания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады.