05/07/2022
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Үкіметі арасындағы «ынтымақтастықты дамытудың 2022–2024 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру шеңберінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдауды одан әрі қалпына келтіру және ашу мақсатында, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Башқұртстан Республикасының Көлік және жол шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін талқылады.
Осылайша, ресейлік «Азимут» әуе компаниясы ағымдағы жылдың 8 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан–Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен жұма күндері тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ұшулар RRJ-95 типті ұшақтарда орындалады.
Билеттерді Azimuth Airlines ресми сайтында алуға болады.