Кіру

Басты бет
Балалармен ұшулардың шарттары туралы ақпарат

01/06/2025

Балаларды сүйемелдеу

➤ 6 жасқа дейінгі балалар ересек жолаушының сүйемелдеуімен ғана ұша алады.

➤ 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар тасымалдаушыдан «Кәмелетке толмаған баланы алып жүру» қызметін алған жағдайда ғана өз бетінше ұша алады.

➤ Әуе компаниясы бірге ілесіп жүрушісі жоқ кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдауға ата-аналары (асырап алушылары, қорғаншылары) немесе қамқоршылары жазбаша өтiнiш бергеннен кейiн ғана қабылдайды.

➤ Кәмелетке толған жолаушылардың бірге ілесіп жүруімен Қазақстан Республикасының азаматтары – кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау кезінде әуе компаниясы баланың туу туралы куәлігін, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушының туыстығын және (немесе) оны тасымалдауға заңды құқығын растайтын құжаттарды ұсынуды талап ете алады.

Маңызды! Сағат 23:00-ден бастап таңғы 6-ға дейін еріп жүрмейтін кәмелетке толмағандар «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңына сәйкес тасымалдауға қабылданбайды.

➤ Еріп жүрмейтін кәмелетке толмағандарға билеттерді рейске дейін кемінде 5 күнтізбелік күн бұрын брондау керек.

➤ Баланы алып жүру үшін әуе компаниясына немесе әуежай қызметкерлеріне тапсырғаннан кейін бала рейске тіркеледі және бортқа, әдетте, жоғары қауіпсіздік аймағында орын беріледі.

➤ Бұл уақытта ата-анасы немесе қамқоршысы кей кезде рейстердің кешігуі немесе тоқтатылу жағдайларының болуына байланысты, самолет ұшқанға дейін әуежайда болуы керек. Ұшақ жерге қонғаннан кейін баланы әуежай қызметкері күтіп алып, багажын алуға көмектеседі. Содан кейін құжаттары мұқият тексерілгеннен кейін жас жолаушы қарсы алуға келген ересек адамға беріледі (жеке куәлігі болуы керек).

Балалар билеттерінің құны

➤ Ересек жолаушының сүйемелдеуімен халықаралық және ішкі рейстерде 2 жасқа дейінгі балалар тегін тасымалданады (бөлек орынсыз және тегін багажсыз).

➤ 2 жасқа дейінгі балалар халықаралық немесе ішкі рейстерде бөлек орындықпен тасымалданатын болса, тиісті қалыпты тарифтің 50% төленеді.

➤ Халықаралық рейстерде 2 жасқа дейінгі екінші және одан кейінгі кәмелетке толмағандар үшін де тиісті қалыпты тарифтің 50% төленеді.

➤ 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар халықаралық рейстерде, 2 жастан 15 жасқа дейінгі ішкі рейстерде ересек жолаушының сүйемелдеуімен тиісті қалыпты тарифтің 50% мөлшерінде тасымалданады.

➤ Жасына қарамастан, әуебилет құнының тиісті қалыпты тарифтің 50% төленген әрбір кәмелетке толмаған жолаушыға бөлек орын беріледі және багажды тегін алып жүруге рұқсат беріледі. Тегін жолжүк нормасынан асатын жолжүк тариф бойынша төленеді.

➤ Бала ата-анасының тізесінде ұшатын болса да, оны брондау кезінде қосу және тіркеу кезінде оған отырғызу талонын алу керек екенін есте ұстаған жөн. Жас саяхатшылар мен олардың ата-аналары әрқашан оңай және қауіпсіз ұшып, әр сапар тек қуаныш әкелсін.