01/06/2024
Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, оқушылар мен авиация саласы қызметкерлерінің балаларына Астана әуежайында экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шара бағдарламасы бойынша балалар әуежайдың әртүрлі аймақтарында болды: тіркеу, тексеру, отырғызу, жүкті сұрыптау, CIP залы, диспетчерлік және өрт сөндіру қызметі. Қатысушылар әуежай қызметі туралы біліп, өзін авиация әлемінің бір бөлігі ретінде сезінуі үшін әрбір аймақ қолжетімді болды.
Бірінші балалар жүкті тексеру және сұрыптау аймағына барды, онда жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі департемент менеджері Гүлмира Ахметова өз жұмысының маңыздылығы туралы айтып, қатысушылар үшін экскурсия жүргізді.
Air Astana әуе компаниясының ұшқышы Ілияс Исабаев авиациялық оқу орталығында симуляторлардың жұмысын көрсетті, онда қатысушылар шынайы ұшу жағдайын сезінді. Сондай-ақ балаларға төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша нұсқама көрсетілді. Жас қонақтар ұшқыштармен, стюардессалармен және инженерлермен әңгімелесіп, ұшаққа отырды, онда қатысушыларға кабинаның жұмысы түсіндірілді.
АҚБ кинология бөлімінің қызметтік иттердің инспектор-жетекшісі Нұржан Ғалымовпен іздеуде және анықтауда өзінің шеберлігін көрсеткен итке қатысушылар ерекше назар аударды.
Балалар әуежайда өрт сөндіру техникасы мен көліктерін көрсетуді қоса алғанда, өрт қауіпсіздігі жұмысын көрді. Өрт қауіпсіздігі қызметкерлері әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементтерін көрсете отырып, өз жұмысының барлық аспектілері туралы айтты.
Іс-шараның мақсаты ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке, жолаушыларға қызмет көрсету және жаңа технологияларға назар аудара отырып, балалардың авиация саласына деген қызығушылығын арттыру, олардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, ой-өрісін кеңейту және жаңа кадрларды – болашақ авиация мамандарын тәрбиелеу болды.
Іс-шара соңында Азаматтық авиация комитетінің халықаралық әуе қатынастарын реттеу басқармасының жетекшісі Әділет Көбенов және Астана халықаралық әуежайы Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Гүлбахыт Қайырбекова сөз сөйледі. Олар балаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.
Экскурсия балаларға көптеген жаңа білім мен шабыт сыйлады. Қатысушылардың көпшілігі ұшқыштар мен стюардессалардың мамандықтарына қызығушылық танытып, авиация саласында жұмыс істеуге ниет білдірді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мұндай іс-шаралар балаларға авиация әлеміне есік ашып, дәстүрге айналады деп үміттенеді.
Астана халықаралық әуежайы мен Air Astana әуе компаниясына экскурсия өткізуде көрсеткен көмегі үшін алғысымызды білліреміз.