01/07/2022
Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында ағымдағы жылдың 21-23 маусым аралығында Келісімге қатысушы мемлекеттердің авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (Мемаралықкеңес) базасында "Ұшқышсыз авиациялық жүйелерінің әуе кеңістігін пайдалану мен әуе қозғалысының ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету" ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Сонымен қатар Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 23-ші отырысы және ұшқышсыз авиациялық жүйелердің қызметін реттеу туралы нормативтік құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ мамандары конференцияға қатысушылары арасында өзара тәжірибе алмасу аясында "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының қолданыстағы ережелері шеңберінде әуе билік орындары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланушылардың қызметін талдау. Мәселе сұрақтары және оларды шешу жолдары" тақырыбында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндама жасады. Қатысушылар Авиациялық әкімшіліктін ұсынған баяндаманың өзектілігін атап өтті және баяндамадағы мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шараға Келісімге қатысушы мемлекеттердің азаматтық авиация басқармаларының, Еуразиялық экономикалық комиссияның (БАЭК), әуе қозғалысына аэронавигациялық қызмет көрсету кәсіпорындарының, авиациялық оқу орындарының өкілдері, авиация өнеркәсібінің өкілдері - әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеушілер қатысты.
Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің, ұшу қауіпсіздігі мен кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері қаралды. Конференцияға қатысушылар ұшқышсыз авиациялық жүйелерге қойылатын техникалық талаптарды мемлекетаралық деңгейде әзірлеуі қатысушы мемлекеттердің ортақ тәсілін үйлестіруге мүмкіндік беретінін туралы мәселе көтеріп, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдің азаматтық авиациясын дамыту үшін өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті.