Кіру

Басты бет >
Бакуде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен ИКАО - МАК "ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі" семинары өтті.

22/02/2023

Бакуде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен ИКАО - МАК "ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі" семинары өтті.
Мемлекетаралық авиация комитеті ИКАО-мен бірлесіп, ынтымақтастық жобасы шеңберінде 2023 жылғы 14-17 ақпан аралығында "ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі" тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына ИКАО, МАК, Еуробақылау басшылығы мен сарапшылары және өңірдің 7 мемлекетінен – мемлекетаралық келісімге қатысушы 50-ден астам маман қатысты.
Семинардың бірінші бөлімі барысында ИКАО мамандары салада ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу негіздерін және осы жүйеге тиісті мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді егжей-тегжейлі ұсынды. Семинардың екінші бөлімінде ұшу-қону жолағын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етудегі жаһандық және өңірлік бағдарламалар қамтылды. Қорытынды бөлім әртүрлі елдерден келген семинарға қатысушылар арасында практикалық тәжірибе алмасуға арналды.
Қатысушылар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестік деңгейін арттырудағы Қазақстанның жалпы ілгерілеуін жоғары бағалады, бұл ретте Қазақстанның ТМД елдерінің аумағында алғашқылардың бірі болып ҰҚЖ - GRF бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы сияқты ИКАО-ның маңызды бастамаларын енгізуін атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуеайлақтарды пайдаланушылар өкілдерінің, авиакомпанияның, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушінің, мемлекеттік авиация өкілдерінің қатысуымен ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі жөніндегі кеңестерді ұдайы ұлттық деңгейде өткізеді. 2022 жылғы 28 қазандағы төтенше кеңес шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңартылған мемлекеттік бағдарламаның жобасын таныстырды, ол 2023 жылғы 4 тоқсанда күшіне енеді және азаматтық авиация ұйымдарының ҰҚЖ-дағы тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметін жүйелендіруге тиіс.