Кіру

Басты бет >
БАӘ және Түркиямен рейстердің артуы туралы ақпарат

17/02/2021

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 15 ақпандағы шешіміне сәйкес “SCAT” әуе компаниясына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ) жолаушыларды 100% COVID-19 теріс нәтижелі ПТР-тестімен қамтамасыз ете отырып, аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етілді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған шешімге сәйкес түрік әуе тасымалдаушыларына Алматы және Анталья қалалары арасында қосымша 2 рейс орындауға рұқсат етілді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өту керек.