Кіру

Басты бет >
БАӘ мен Катарға қалай және қашан ұшуға болады?

22/12/2021

Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында БАӘ мен Катарға тұрақты жолаушылар рейстері ашылды.


Бүгінгі күні Қазақстан мен БАӘ арасында "Эйр Астана", "Fly Arystan", "Fly Dubai", "Air Arabia" және "Wizz Air Abu Dhabi" әуекомпаниялары аптасына 46 рейс келесі бағыттар бойынша орындайды:


- Нұр-Сұлтан – Дубай, 14 рейс (Эйр Астана – А321LR/B767 үлгісіндегі әуе кемелерінде күнделікті негізде 7 рейс, Fly Dubai – B737 үлгісіндегі әуе кемесінде күнделікті негізде 7 рейс);
- Нұр-Сұлтан – Шарджа, 4 рейс (Fly Arystan – жұма және жексенбі күндері А320 типті әуе кемесінде 2 рейс, Air Arabia-А320 / А321 типті әуе кемелерінде бейсенбі және сенбі күндері 2 рейс);
- Алматы – Дубай, 17 рейс (Эйр Астана-А321LR/B767 үлгісіндегі әуе кемелерінде күнделікті негізде 10 рейс, Fly Dubai-B737 үлгісіндегі әуе кемесінде күнделікті негізде 7 рейс);
- Алматы – Абу-Даби, 2 рейс (Wizz Air Abu Dhabi – дүйсенбі және жұма күндері А320/А321 типті әуе кемелерімен 2 рейс);
- Алматы – Шарджа, 6 рейс (Fly Arystan – А320 типті әуе кемесінде дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 3 рейс, Air Arabia-А320/А321 типті әуе кемесінде сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 3 рейс);
- Ақтау – Дубай, 2 рейс (Fly Arystan – А320 типті әуе кемесінде дүйсенбі және бейсенбі күндері 2 рейс);
- Шымкент – Дубай, 1 рейс (Fly Arystan – сенбі күндері А320 типті әуе кемесінде 1 рейс).


Бұдан басқа, қазіргі уақытта Қазақстан мен Катар арасындағы тұрақты рейстерді "Qatar Airways" әуекомпаниясы Доха – Алматы бағыты бойынша А320 әуе кемесінде бейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындайды.


Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.