Кіру

Басты бет >
БАӘ-ге халықаралық әуе рейстердің ұлғаюы туралы

03/11/2021

2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы тұрақты әуе рейстерін арттыру мәселесі көтерілді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Fly Arystan әуе компаниясы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) Ақтау – Дубай және Шымкент – Шарджа бағыттары бойынша әр бағытта 2 жиілікте ұшуларды орындауды жоспарлап отыр.

Рейстердің ұлғаюы екі достас ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің шығу және келу туризмін табысты дамытуға ықпал ететін болады.