23/02/2023
23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру бойынша ұшқан "Қазавиақұтқару"АҚ 2021 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды.
Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.
Соңғы мәліметтер бойынша, ТЖМ іздеу тобы тікұшаққа жетті. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізеді.