Кіру

Басты бет
Қазақстанның ИКАО аудиті бойынша тәжірибесі Самарқандта таныстырылды

14/04/2026

Самарқандта Орталық Азия және Кавказ өңірі елдерінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының отырысы өтті. Оған өңір мемлекеттерінің авиациялық әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ авиация саласының ұйымдары мен операторлары қатысты.

Негізгі назар авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудитіне дайындық және оны өткізу мәселелеріне аударылды. Қазақстан Республикасы делегациясы қадағалау жүйесінің негізгі элементтерін іске асыру тәжірибесін, оның ішінде ИКАО стандарттарын енгізу және аудит қорытындылары бойынша түзету шараларын орындау барысын таныстырды.

Сонымен қатар, Қазақстан тәуекелдерді бағалаудың ұлттық жүйесін көрсетті. Бұл жүйе қадағалау іс-шараларының басымдығы мен мерзімділігін айқындауға, сондай-ақ қауіп деңгейіне байланысты әуе кемелерін тінту немесе тексеру қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсілдер тәуекелдерді басқарудың тиімді әрі тәжірибеге бағытталған құралы ретінде оң бағаланды.

Отырыс барысында тексерудің заманауи технологияларын енгізу, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану, адам факторының әсері, әуежайлардағы сапаны корпоративтік бақылау, сондай-ақ жүк, пошта және борттық қорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылды.

Сондай-ақ персоналды даярлау және оқыту жүйелерін дамыту, тексеру операторларын бағалаудың заманауи әдістері және қауіпсіздік шараларын өзара тану тәсілдері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша 2026 жылға үйлестіру тобының төрағасы мен төраға орынбасары қайта сайланды – тиісінше Грузия мен Өзбекстан.