Кіру

Басты бет >
Қазақстанның Еуроодақпен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастығын кеңейту

26/09/2022

2022 жылғы 23 қыркүйекте Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің Уақытша сенімді өкілі Йоханнес Баурмен кездесті.


Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастығының интеграциялық процестерді жалғастыру, рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту сияқты ағымдағы мәселелерін талқылады.


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынан Еуропалық Одақ елдеріне тұрақты халықаралық ұшулар аптасына 28 рейс жиілігімен 8 маршрут бойынша Еуропаның 6 еліне (Нидерланды, Германия, Польша, Италия, Греция және Ұлыбритания) орындалады.


Сонымен қатар, Еуропалық Одақ делегациясы Қазақстанның авиациялық билігін 2023 жылдың көктемінде жоспарланып отырған Азаматтық авиацияны дамыту мәселелері талқыланатын Қазақстандық-Еуропалық экономикалық бизнес-форумға қатысуға шақырды.


Сонымен қатар, тараптар 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Монреаль қаласында (Канада) өтетін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының алдағы 41-ші сессиясының мәселелерін талқылады.