Кіру

Басты бет
Қазақстанның азаматтық авиация әкімшілігінің басшысы АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты

03/07/2026

Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффттың шақыруымен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған ресми қабылдауға қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде АҚШ Елшісі Джули Стаффт Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың ерекше мәніне тоқталды.

Майкл Дэниелдің бұл іс-шараға қатысуы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен америкалық серіктестер арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұған дейін ҚАӘ делегациясы АҚШ-қа жұмыс сапарымен барып,  Федералдық авиация басқармасы (FAA) және Көлік қауіпсіздігі әкімшілігі (TSA) өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру, халықаралық озық тәжірибені енгізу, тәжірибе алмасу және кәсіби ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FAA, TSA және Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігімен қалыптасқан серіктестікті жоғары бағалайды және ұшу қауіпсіздігін арттыруға, халықаралық әуе қатынасын дамытуға және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастырады.