Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері төтенше жағдайлар кезінде халықаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты

27/05/2024

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық медицина департаменті "Өмір үшін Интеграция – 2024" халықаралық конференциясына қатысты, оның шеңберінде төтенше жағдайлар кезінде халықаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, "Ұлттық медициналық қауымдастық" РҚБ.

Конференцияға қатысушылардың алыс және жақын шетелдерден: Қытай Халық Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Босния мен Герцеговинадан, Қырғызстаннан, Түркіменстаннан келген қонақтарының баяндамалары тыңдалды.

Төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимыл, ТЖ, санитарлық авиация жағдайларында жұмыс істеу үшін дәрігерлерді даярлау мәселелері бойынша Қазақстанның шұғыл ден қою қызметтерінің өкілдері мазмұнды баяндамалар жасады.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен азаматтық авиацияда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және басқару бойынша ынтымақтастық қажеттілігі туралы баяндамасымен авиациялық медицина департаментінің директоры – бас авиациялық инспектор Альмира Бердіонгарова сөз сөйледі. Баяндамада өзара тануды және қоғамдық денсаулыққа әсер етуді жеңілдету мақсатында қабылданған шараларды қамтамасыз ету үшін әуе көлігімен байланысқан мемлекеттер арасында қоғамдық денсаулық сақтау дәлізін (РНС) құрудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар PHC құру үшін ИКАО енгізу пакетімен (iPack) танысты.  

Конференцияның салтанатты бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Медицина қауымдастығының құтқарушыларын, Денсаулық сақтау ардагерлерін, үздік дәрігерлер мен медбикелерді, медициналық қауымдастықтар басшыларын жоғары наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Авиациялық медицина департаментінің директоры – Бас авиациялық инспектор Альмира Бердіонгарова отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі және Қазақстан халқының денсаулығы үшін риясыз еңбегі үшін "Алтын Дәрігер" атағына ие болды.