Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері Мемлекетаралық авиация комитетінің “Әуе кемесін мұз басуға қарсы өңдеу” вебинарына қатысты

30/09/2020

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері Мемлекетаралық авиация комитетінің "Әуе кемесін мұз басуға қарсы өңдеу" вебинарына қатысты ИКАО-МАК RER/01/901 "Пайдалану қауіпсіздігін арттыру және ұшу жарамдылығын қолдау" өңірлік жобасын іске асыру шеңберінде 29 қыркүйекте Мемлекетаралық авиация комитетінде "әуе кемесін мұз басуға қарсы өңдеу" вебинары өтті.

Іс-шараға Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының авиациялық әкімшіліктерінің, жетекші әуекомпаниялары мен әуежайларының 100-ге жуық өкілдері, Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) мамандары қатысты.

МАК Ресей Федерациясының жетекші әуекомпаниялары мен әуежайларының өкілдерімен бірлесіп дайындаған "Әуе кемелерін жерүсті мұзданудан қорғау" әдістемелік ұсынымдарын енгізу бойынша тәжірибе алмасу аясында әуежайлар мен әуекомпанияларға жерүсті қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша қызметтердің жетекші мамандарының баяндамалары ұсынылды. Вебинарда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшуды пайдалану департаментінің директоры Игорь Петяшин " Әуежайлардағы ӘК мұздануға қарсы қорғау сапасын қамтамасыз ету және бақылау" баяндамасымен сөз сөйледі.

Вебинарда Мемлекетаралық авиациялық комитеттің мамандары Келісімге қатысушы мемлекеттердің аймақтағы ұшу қауіпсіздігінің талдауын ұсынды.

 Сондай-ақ, семинар барысында келесі тақырыптарға ерекше назар аударылды: 

Әуе кемесін өндірушісінің (Airbus) әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеу сапасына қойылатын талаптары;

Әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеуге арналған сұйықтықтардың жаңа түрлері;

Заманауи әуе кемелерін өңдеу ерекшеліктері;

Әуе кемелерін өңдеу кезіндегі экипаждың рөлі мен жауапкершілігі;

Жер үсті авиация персоналын даярлау және біліктілігі;

Әуе кемелерін жер үсті мұзданудан қорғау;

Композиттік материалдар мен алюминий қорытпаларында мұз түзілімдерін өңдеу ерекшеліктері;

Мұздануға қарсы сұйықтықты кәдеге жаратуға байланысты экологиялық мәселелер.