Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
SEC2026 ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан · Астана →
Басты бет
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері ICAO METG/36 отырысына қатысты

02/10/2026

 

Түркияның Ыстамбұл қаласында ICAO EASPG метеорологиялық тобының 36-отырысы – METG/36 өтті. Жиынға 48 мемлекеттен жүзден астам маман, сондай-ақ ICAO METP, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO), IATA және EASA өкілдері қатысты. Қазақстанның авиациялық әкімшілігін Аэронавигация департаментінің авиациялық инспекторлары Мақсат Түндебаев пен Аслан Қажрахимов таныстырды.

Отырыс барысында ICAO-ның жаңа стандарттарын енгізу, IWXXM форматына көшу, SWIM жүйесін дамыту, OPMET деректерінің сапасы, SIGMET хабарламаларын үйлестіру, сапа менеджменті жүйелері, персоналдың құзыреттілігі және AMET бағыты бойынша ASBU элементтерін іске асыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар өңірлік аэронавигациялық жоспарды жаңарту және метеорологиялық қызмет көрсету бөлігінде EUR өңіріне қатысты құжаттарды өзектендіру мәселелері талқыланды.

PT/EAST жұмысы аясында Мақсат Түндебаев ICAO-ның Еуропа өңірінің шығыс бөлігіндегі, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріндегі топ қызметінің қорытындылары туралы, сондай-ақ Бішкек қаласында өткен PT/EAST 24-отырысы мен ROC және NOC арасында жедел өзара іс-қимыл бойынша Workshop нәтижелерін қамтитын екі жұмыс құжатын таныстырды. Аталған іс-шаралар аясында IWXXM форматында деректер алмасу мәселелері де қаралды.

Сонымен қатар PT/EAST тобының 2027–2028 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, IWXXM және SWIM жүйелерін енгізуге, SIGMET хабарламаларын үйлестіруге, сапа жүйелерін дамытуға, сондай-ақ OPMET деректерімен алмасу және басқа да бейінді бағыттар бойынша ICAO, WMO және EUR Data Management Group (DMG) ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған.