Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен марапатталды

08/09/2020

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығына сәйкес елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан бірлігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуге қосқан елеулі үлесі үшін бүгін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің аға инспекторы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен марапатталды. Гүлжан Асанова ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде жұмыс істейді, бұған дейін 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызмет атқарған.