Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
Басты бет
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары авиациялық қауіпсіздікті аудиттеу мәселелері бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) семинарына қатысты

28/05/2025

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Париж қаласындағы (Франция) Еуропа және Солтүстік Атлантикалық аймақтық бюросында авиациялық қауіпсіздік саласындағы әмбебап аудит бағдарламасы – үздіксіз мониторинг механизмі (USAP-CMA) бойынша семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – USAP-CMA бағдарламасын түсіндіру, оның маңызды элементтеріне және ICAO-ның мүше мемлекеттерінің авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына ерекше назар аудару болды.
Семинардың негізгі міндеті – қатысушыларды USAP-CMA шеңберінде аудиттерді жоспарлау, жүргізу және есеп беру кезінде қолданылатын құралдармен, әдістемелермен және рәсімдермен таныстыру болды.
Аталған рәсімдер ICAO стандарттары мен ұсынылған тәжірибелерге, сондай-ақ озық тәжірибелерге сәйкес үнемі жаңартылып отырады.

Семинар барысында қатысушылар USAP-CMA-ның әртүрлі аспектілерін қамтитын, соның ішінде ICAO-ның 17-ші (Авиациялық қауіпсіздік) және 9-шы ( Формальдылықты оңайлату  ) қосымшаларының талаптарын қарастыратын сегіз оқу модулінен өтті. Бағдарлама сонымен қатар авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандардың ынтымақтастығын дамытуға және практикалық түсінігін арттыруға бағытталған практикалық жаттығуларды қ