Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бірқатар қызметкерлері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің алғыс хаттарымен және ведомстволық наградалармен марапатталды

14/08/2020

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің алғыс хаттарымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.


Атап айтсақ, «Құрметті авиатор» төсбелгісімен азаматтық авиация саласының дамуына қосқан зор үлесі мен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Аэродромдар департаментінің авиациялық инспекторы Тұрлыбеков Мұхтарбек Шекербекұлы, Министрдің құрмет грамотасымен Ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету департаментінің авиациялық инспекторы – Картеменов Нұрлан марапатталды. Сондай-ақ, Министрдің алғыс хаттары Ұшуға жарамдылық департаментінің басшысы-авиациялық инспекторы Аслан Сатжановқа және авиациялық инспекторы Олег Жеребцовқа тапсырылды.


Марапаттар мен алғыс хаттарды «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс табыс етті.

Сіздерге мықты денсаулық пен мол табыс тілейміз және Қазақстанның көлік саласын одан әрі дамыту мен нығайту жолында тек жетістіктерге жете беріңіздер!