Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас директоры Каталина Раду Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшісі Баан Баударбек-Қожатаевпен кездесті

04/09/2023

2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас директоры Каталина Раду Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшісі Баан Баударбек-Қожатаевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-грек қатынастары мен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша одан әрі бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Афина халықаралық әуежайының Директорлар кеңесінің төрағасы Риккардо Ламбириспен кездесу өтті, оның барысында тараптар Қазақстан мен Греция арасындағы ынтымақтастық пен әуе қатынасын кеңейту бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.