24/02/2023
Кеңеске ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, аэронавигация, лицензиялау, авиациялық медицина, іздеу және құтқару департаменттерінің және ұшу қауіпсіздігі басқармасының өкілдері қатысты.
Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалды.
Әуе оқиғасы болған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылғы 03 мамырда берілді. Тікұшақ 2021 жылғы 27 қаңтарда шығарылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде тіркелген (куәлік нөмірі 1273, әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгісі UP-MI874).
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті тікұшағын пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді.
Тексерулер нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелер шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады.
Анықтама:
"Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2021 жылғы 1 қазанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі берген 2024 жылғы 1 қазанға дейінгі № KAZ-02/027
А
виациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлігі бар.
Әуе компания 33 тікұшақты пайдаланады (Ми-8 – 9 бірлік; Ми-171 – 2 бірлік; Ка-32 – 2 бірлік; ЕО-145 – 16 бірлік; Н-145 – 2 бірлік; Н-130 – 2 бірлік).