Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторлары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сертификатталған нұсқаушысы мәртебесіне ие болды

12/08/2023

2023 жылғы 7-11 тамыз аралығында Алматы қаласындағы ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында "ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушы сессиясы" өтті.

Шараны құрамында Париждегі ИКАО өңірлік бюросының өкілетті өкілі Инга Жгенти және ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сертификатталған нұсқаушысы Минск қ.  ИКАО АҚОО директоры Татьяна Герасимчук  кіретін комиссия өткізді.  Бұл курсқа Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан өкілдері қатысты.

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар сессиясы 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең ИКАО авиациялық қауіпсіздік нұсқаушылары үшін әкімшілік процестен болды (онлайн курс). Екінші кезеңде курстарды өткізуге қойылатын біліктілік талаптары пәндік саладағы арнайы білім емтиханын (AVSEC SME), ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу жиынтықтарына сәйкес курстарды өткізу әдіснамасы бойынша бірқатар сынақтар мен презентациялар жиынтығын қамтыды.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің авиациялық инспекторлары Айтмұханова Гүлнара, Қабанбаев Рүстем, Сагимов Арман және Алматы қ. ИКАО АҚОО директоры Бекмұхамбетов Аслан "ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылары" ретінде сәтті аттестатталып, ИКАО әзірлеген авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша персоналды даярлау бағдарламасы бойынша оқытуға байланысты авиациялық қауіпсіздік пәнінің терең білімін көрсетті.

Айта кету керек, 2019 жылғы маусымда Минск қ. ИКАО АҚОО базасында өткізілген ИКАО нұсқаушылары сессиясының нәтижелері бойынша Алматыдағы ИКАО АҚОО директорының орынбасары Галина Усова Қазақстаннан бірінші сертификатталған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО нұсқаушысы болды.