27/02/2026
Республикалық референдум қарсаңындағы ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында ҚАА еңбек ұжымымен кездесу өткізілді.
Шара барысында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор Жәнібек Шаріпбаев ұсынылып отырған өзгерістердің Қазақстанның одан әрі дамуы мен мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Қызметкерлерге Конституцияның жаңа редакциясы жобасының негізгі ережелері таныстырылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік кепілдіктер, еңбек қатынастары және негізгі салалардың дамуы мәселелері талқыланды.
Қатысушылар білім беруді, ғылым мен инновацияны ел дамуының стратегиялық бағыттары деп тану туралы шешімді қолдады – өйткені бұл адами капиталды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар, алдағы референдумға азаматтардың қатысуының ерекше маңыздылығы атап өтілді.