02/03/2020
Оқыту Халықаралық Азаматтық авиация агенттігі (CAAi) мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасындағы азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделіне көшу бойынша техникалық қолдау көрсету туралы келісім шеңберінде ұйымдастырылды.
Бұл келісім Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның авиация саласын мемлекеттік реттеудің халықаралақ үздік үлгісіне көшуін жылдамдататын Ұлыбританияның авиациялық билігінің тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Халықаралық Азаматтық авиация агенттігі (CAAi) Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің техникалық персоналын оқыту қажеттілігіне талдау жүргізді. Осылайша, қызметкерлерді оқыту жоспарына сәйкес аудит әдістері бойынша алғашқы оқыту курсы өткізілді.
Бұл курс тыңдаушыларға авиациялық ұйымдардың ұшу қауіпсіздігі ережелерін сақтауын сертификаттау және ағымдағы қадағалау бойынша инспекторлық тексерулер жүргізу принциптері мен практикасы туралы толық түсінік береді. Курс құжаттарды тексеру және аудит орнына шығу жөніндегі маңызды қызметті қоса алғанда, авиациялық ұйымды бастапқы және ағымдағы бақылауды жоспарлау, жүргізу және есептерді ұсыну үшін, құзыретті органға сертификаттау туралы шешім қабылдау бойынша қажетті ақпаратты ұсыну үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынады.