Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде азаматтық және әскери үйлестіру бойынша кеңес өтті

11/12/2023

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ азаматтық және әскери әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының өкілдері арасында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланудың өзара іс-қимылы мен тиімділігін жетілдіру мақсатында кеңес өткізді.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметі» РММ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі және «Қазаэронавигация» РМК өкілдері қатысты.
Кеңесте Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін икемді пайдалану тұжырымдамасын енгізу мәселелері, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің азаматтық және әскери органдарының өзара іс-қимылы кезіндегі проблемалық мәселелер талқыланды.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ азаматтық және әскери қызмет көрсету органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында жыл сайынғы негізде осындай кеңестер өткізеді.