Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде авиациялық норма шығармашылық мәселелері талқыланды

26/07/2023

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде «Қазақстанда заң жобаларын дайындау: тәртібі мен ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.

Семинар аясында ұшу қауіпсіздігін басқару, сапа, стратегия және стандарттарға сәйкестік департаментінің ИКАО стандарттарымен және ұсынылатын тәжірибелерімен үйлестіру басқармасының басшысы Жәлел Жүзбаев баяндама жасады.

Семинардың маңыздылығы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ішкі құжаттарына сәйкес норма шығармашылық процесіне Әкімшіліктің барлық дерлік қызметкерлері өз қызметсалаларының бағыттары бойынша қатысатындығымен байланысты.

Презентацияда негізгі авиациялық заңнама аласындағы ИКАО стандарттары, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану жәнеавиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын реттеу саласы, заңжобаларын жоспарлау, дайындау, әзірлеу рәсімдері, заң жобаларын әзірлеуші органдар, ҚАӘ рөлі, әзірлеудегі азаматтар мен қоғамдық ұйымдардыңрөлі, мазмұнына қойылатын талаптар, заң жобаларын ресімдеуге қойылатын талаптар, ҚАӘ-та заң жобаларына ұсыныстар әзірлеурәсімдері және оларды сақтау т. Б. сияқтымәселелер ашылды.

Семинарда ИКАО-ның мемлекеттердің авиациялық заңдарына қойылатын талаптарының көрнекі мысалдары, соңғы уақытта заңды актілерге енгізілген ҚАӘ ұсыныстарының мысалдары және т. б. келтірілген.

Семинар қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар арасында пікір алмасу өтті.

Жақын арада ҚАӘ-да жұмыскерлері үшін«Қазақстанда заңға тәуелді НҚА жобаларын әзірлеу тәртібі» тақырыбында семинар өткізу жоспарлануда.