05/12/2025
Халықаралық азаматтық авиация күні қарсаңында Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі (ҚАӘ) өкілдері «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Жоғары кәсібилігі, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындауы және көпжылдық адал еңбегі үшін келесі қызметкерлер марапатқа ие болды: ҚАӘ-нің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы директоры Аслан Сатжанов, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Жәнібек Шәріпбаев, аэронавигация департаментінің директоры – бас авиациялық инспектор Олег Авдеев, лицензиялау департаментінің директоры – бас авиациялық инспектор Әділжан Сұлтанов, аэронавигация департаментінің аға авиациялық инспекторы Қуаныш Егізбаев, лицензиялау басқармасының басшысы – лицензиялау департаментінің бас авиациялық инспекторы Ришат Розбакиев.
«Қазавиақұтқару» АҚ өндіріс жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары Александр Сексембаев құттықтау сөзінде мерейтойлық медальдармен марапаттау Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлерінің ұшу қауіпсіздігін арттыруға және елдің азаматтық авиациясын дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау екенін атап өтті.