Кіру

Басты бет >
Халықаралық әуе құқығының өзекті мәселелері авиациялық әкімшілікте талқыланды

17/05/2024

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде AEROHELP әуе және ғарыш құқығы Институтының (Санкт-Петербург қ., Ресей) қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық әуе құқығының өзекті мәселелері бойынша семинары өтті.

Институт директоры Олег Аксаментов баяндама жасады.

Семинарға Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшылығы, Заң департаментінің, Ұшу қауіпсіздігін басқару, сапа, Стратегия және стандарттарға сәйкестік департаментінің Авиациялық заңнама бойынша басқармасы қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелерінің авиациялық стандарттары бойынша мамандары қатысты.

Семинарда Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның орындалуын қамтамасыз ету, ИКАО стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелерді енгізу мәселелері және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Семинарға қатысушылар авиациялық құқықтану саласындағы өз білімдерін жаңартуға, нәтижелі қатынастар мен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Семинар соңында қатысушылар семинарға қатысқаны туралы институттың сертификаттарын алды.