Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлері Аэродромдағы операциялар бойынша ИКАО аймақтық жұмыс тобының (RWGAO) төртінші отырысына қатысты

26/04/2024

Дублин қаласында аэродромдағы операциялар бойынша ИКАО аймақтық жұмыс тобының (RWGAO) 4 отырысы өтті. Іс-шараны Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросы (ИКАО EUR/NAT) ұйымдастырды.

RWGAO тобы Еуропалық аймақтың авиациялық жүйесін жоспарлау тобы (EASPG) шеңберінде аэродромдарды пайдалануға байланысты міндеттерді орындау үшін және ИКАО-ның тиісті стратегиялық мақсаттарын тиісті өкілеттіктермен қолдау үшін құрылды.

Отырысқа EUR / NAT өңірлік бюросына мүше мемлекеттердің сарапшылары және EASA, FAA, Eurocontrol халықаралық және өңірлік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының атынан "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуеайлақтар және жерге қызмет көрсету департаментінің аға авиациялық инспекторлары Алдажаров Ерлан, Амантайұлы Ернар, Жулдузбаев Исмаил қатысты.

Отырыста Қазақстан өкілдері ӘК-нің құстармен соқтығысуы бойынша ИКАО (IBIS) ұсынатын талдауды мемлекеттердің практикалық қолдануы тұрғысынан жақсарту, сондай-ақ әуеайлақтың жарық сигналдық жабдықтарының жүйелеріне ұшу тексерісін жүргізу және оның стандарттарға сәйкестігін растау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша ұсыныстарын таныстырды.

Жиын қорытындысы бойынша RWGAO тобының ИКАО Хатшылығы Қазақстанның бастамаларын толық қолдады. Баяндамалардың нәтижелері бойынша жұмыс құжаттары әрі қарай қарау үшін ИКАО-ның нысаналы сараптамалық жұмыс топтарына жіберілетін болады.

RWGAO хатшылығы Қазақстан өкілдерінің баяндамаларын жоғары бағалады және ИКАО-ның өңірлік және стратегиялық мақсаттарын іске асыруға белсенді қатысқанын атап өтті.

2023 жылдың қарашасында RWGAO-ға Еуропалық аймақтағы жердегі қызмет көрсету қауіпсіздігін, тиімділігін және тәуекелдерін басқару жолдарын зерттеу міндеті қойылды.

25-26 сәуірде Ирландияның Дублин қаласында EASPG аймақтық ақпарат жинау және талдау жұмыс тобының (IGA/02) екінші отырысы өтті.

Жердегі қызмет ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін авиациялық жүйенің маңызды бөлігі болып табылады. Ұшу операцияларының қауіпсіздігі, сенімділігі мен үздіксіздігі жердегі жұмыс кезінде де сақталуы маңызды.

Кездесуге EUR/NAT өңірлік бюросына мүше мемлекеттердің сарапшылары және EASA, Eurocontrol, ACI-Europe, IATA және IBAC халықаралық және өңірлік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстан өкілдері әуежайларда жерүсті қызмет көрсету кезіндегі пайдалану қауіпсіздігі және Safety Stack тәсілінің көмегімен жерүсті қызмет көрсету қауіпсіздігін, тиімділігін арттыру және тәуекелдерін басқару сияқты жерүсті қызмет көрсетуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.