Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің куәліктерін алуға үміткерлерден емтихан қабылдауды бастады

30/11/2021

Бүгін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да әуе қозғалысына қызмет көрсету персоналы бойынша емтихан алушыны (әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері мен авиациялық станция операторлары) тағайындау мақсатында бірінші емтихан өтті.

"Қазаэронавигация" РМК Оңтүстік-Шығыс өңірлік әуе қозғалысына қызмет көрсету орталығының аға диспетчері Михаил Судоплатов емтиханнан сәтті өтті және жақын арада әуе қозғалысына қызмет көрсету персоналы бойынша емтихан алушы болып тағайындалады.


Қазақстанның авиациялық әкімшілігі азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық стандарттарға және ICAO ұсынылатын практикасына сәйкес келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.


Авиациялық әкімшіліктің бас емтихан алушысының басшылығымен сарапшылар тобы әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің куәліктерін алуға үміткерлердің біліктілік деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларының банкін әзірледі.


Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанынан бастап "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ емтихандық сыныпта емтихан қабылдауға дайын.


Емтихан сыныбы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы заңнамасына, халықаралық стандарттарға және ICAO ұсынылатын практикасына сәйкес келеді. Сынып емтихандарды өткізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Емтихан процесін тіркеуге арналған аудио-бейне жазу құрылғылары бар. Тестілеуге арналған бағдарлама "Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің" біліктілік комиссиясында бекітілді.