05/04/2021
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынысы бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі құрғақ мұзды қолдану арқылы COVID-19 вакциналарын тасымалдау бойынша ұсыныстар әзірледі.
Әуе көлігімен тасымалдауға арналған барлық әуе жүктері, оның ішінде COVID-19 вакциналарының партиялары әуе кемесінің бортына жүктелмес бұрын міндетті түрде тексеруден өтеді, жүктің санаттары мен сипатына сай келетін алгоритмге негізделген заманауи техникалық тексеру құралдарымен тексеріледі.
Тексеру процесінде тығыздығы жоғары немесе күрделі рентгендік бейнелер шығаратын жүк жөнелтімдері, оның ішінде COVID-19 вакциналарының партиялары жарылғыш заттардың іздерін анықтау құралдарын қолдану арқылы қосымша тексеру әдісінен өтеді.
Әуежайлардың (әуеайлақтардың), авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің және әуе компаниялардың басшылары COVID-19 вакциналарының партияларын санкцияланбаған араласудан қорғау процедураларын бақылауды қамтамасыз етеді.
Әуе жүк ретінде тасымалданатын COVID-19 вакциналарының партиялары басқа бөгде заттардың енуіне жол бермеу үшін қауіпсіз орындарда өңделеді және сақталады. COVID-19-ға қарсы жүктер мен вакциналарды әуе кемесінде жүк ретінде тасымалдау үшін қолданылатын контейнерлер әуежайдың бақыланатын аймағында шектеулі күзетілетін аймақ шегінде жүктер мен пошта жөнелтілімдерін өңдеу және тексеру объектілерінде қауіпсіз жағдайларда сақталады.
Әуе кемесінің жүк бөлігінде COVID-19 вакциналарының алып жүретін немесе алып жүрмейтін, жеке сәйкестендірілген, белгіленген талаптарға сәйкес тексерілген және әуе тасымалдаушы осы рейсте тасымалдауға қабылдаған партиялары ғана тасымалданады.
Вакциналарды тасымалдау COVID -19 вакциналары қауіпті жүктер ретінде жіктелетін Техникалық нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тасмалдануы қажет.
COVID -19 вакциналарының қауіпсіз, сенімді және тиімді таралуын жеңілдету мақсатында әуе тасымалы арқылы осы ұсынымдарды қолдану ұсынылады. Ұсынымдармен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің сайтында COVID бөлімінде танысуға болады.