21/07/2021
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 2020 жылғы 19-21 ақпанда, 2021 жылғы 14-16 сәуірде “Ақтөбе халықаралық әуежайы” АҚ Ақтөбе қаласының әуеайлағын пайдаланушысына 2 инспекциялық тексеру жүргізді. 2020 жылғы 5-9 қазан аралығында әуеайлаққа сертификаттық тексеру жүргізілді. Әуеайлағының жарамдылығы сертификаты 2021 жылғы 16 қазанға дейін жарамды.
Ұшу-қону жолағының жағдайы мәселесін “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ авиациялық инспекторлары барлық тексерулерде, соның ішінде сертификаттық тексеруде көтерді.
2021 жылғы 23 сәуірдегі түзету іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының әуеайлағын пайдаланушы 2021 жылғы 15 шілдеге дейін жасанды жабындардың ақауларын жою бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенді. Қазіргі уақытта 2021 жылдың 23 шілдесіне Ақтөбе қаласының әуеайлағын пайдаланушысын 2021 жылдың 14-16 сәуіріндегі инспекциялық тексеру ескертулерін жабу тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жоспарланған. Ұшу-қону жолағының жағдайын бағалаудан басқа инспекция барысында жүк әуе кемелерінің ұшуына және олардың ұшу-қону жолағының жағдайына әсеріне талдау жүргізілетін болады.
Өз тарапынан Ақтөбе қаласының әуеайлағын пайдаланушы күн сайын ұшу-қону жолағының жасанды төсемдерінің жай-күйіне бақылау жүргізеді және әуеайлақтағы ұшу қауіпсіздігіне жауапты.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы мәселе бойынша қосымша ақпарат ұсынатын болады.