Кіру

Басты бет >
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ұшқышсыз авиациялық жүйелердің (дрондардың) иесі-операторларынан әуе кеңістігін пайдалануға уақытша өтінім бермеуін сұрайды

25/06/2024

Астана қаласында халықаралық деңгейдегі саяси іс-шараның өткізілуіне байланысты "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ұшқышсыз авиациялық жүйелердің (дрондардың) иелері-операторларынан ағымдағы жылдың 2-4 шілдесі аралығында Астана қаласының әуе кеңістігі шегінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдана отырып ұшуларды орындау үшін әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер беруден бас тартуды сұрайды.