Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі “Орлан 2000” әуе компаниясының Ан 2 әуе кемесі Өскемен-Ақсуат санитарлық тапсырмасы бойынша ұшуды жүзеге асырғанын хабарлайды.

26/02/2020

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Орлан 2000" әуе компаниясының Ан 2 әуе кемесі Өскемен-Ақсуат санитарлық тапсырмасы бойынша ұшуды жүзеге асырғанын хабарлайды. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы төтенше жағдай туралы хабарлады. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым ауданда мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдады, бортта 5 адам, 3 экипаж мүшесі және 2 қызмет жолаушысы болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.