20/07/2022
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры К.Раду мен Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж.Уразалина ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум ең алдымен Тараптардың, азаматтық авиация объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.
Меморандум шарттарына сәйкес, әрбір тарап азаматтық авиация объектілерінде жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың туындауының қауіп факторларын төмендету бойынша халықтың денсаулығын сақтау және конструктивті өзара іс-қимыл жасау мақсатында ынтымақтастыққа дайын екенін білдіреді.
Кездесу барысында К.Раду Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) пандемия кезінде көлік дағдарысын еңсеру үшін қауіпсіздік дәлізін дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті және халықтың денсаулығы мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуге дайын екенін білдірді.
Өз кезегінде Ж.Уразалина меморандум жасасу бастамасын қолдағаны үшін К.Радуға алғысын білдіріп, өзара әрекеттесуге деген ұмтылысын растады.
Тараптар сондай-ақ жұқпалы аурулардың, соның ішінде COVID-19 таралуының алдын алу тұрғысынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.