21/07/2021
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі “МАКС-2021” халықаралық авиациялық-ғарыштық салонына қатысуда. Биыл Ресей тарапының шақыруымен Қазақстан серіктес ел ретінде авиасалонды ашуға атсалысты. Бүгін көрме аясында “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ мен Ресей Федерациясының Федералды әуе көлігі агенттігі арасында ұшуға жарамдылық саласындағы ынтымақтастық туралы жұмыс келісіміне қол қойылды.
Жұмыс келісімінің мәні ұшуға жарамдылық сертификаттарын, авиациялық техниканың бөліктері мен жиынтықтауыштарын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының жүйелерін бағалауды, сынауды және тексеруді қайталамайтын пайдалануға рұқсат беру және (немесе) үлгі сертификаттарын тану тәртібін оңайлату болып табылады. Жұмыс келісімі азаматтық авиациялық техниканың үлгілік конструкциясын, модификацияларды мақұлдау үшін келісілген тәсілдерді қолдануға, авиациялық техника мен оның компоненттерін жөндеуді дамытуға, сондай-ақ ұшуға жарамдылық және ұшу қауіпсіздігі саласындағы екі авиациялық ведомство арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Рәсімге Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Олег Бочаров, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ресейдің Федералды әуе көлігі агенттігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы қатысты. Тараптар авиациялық ведомстволар деңгейіндегі ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, ынтымақтасты одан әрі дамыту мен нығайтуға өзара мүдделілікті растады.
“МАКС-2021” Халықаралық авиациялық-ғарыштық салонында қазақстандық кәсіпорындар әскери және азаматтық авиация саласындағы өнімдерін ұсынды. Ұшу аппараттарының, жауынгерлік кешендердің және эксперименттік қондырғылардың тәжірибелік үлгілері ұсынылды. Қазақстан серіктес ел ретінде, авиасалон алаңына 20-дан астам отандық әуе өнеркәсібі кәсіпорындарының қатысуын қамтамасыз етті. Стратегиялық міндет – өз өндірісті дамыту және ел ішінде оқшауландыру және әзірлемелерді сыртқы нарықтарға ілгерілету. Қазақстандық тарап әлеуетті серіктестермен кездесулерді, сондай-ақ ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қоюды жоспарлаған.
“МАКС-2021” он бесінші халықаралық а авиациялық-ғарыш салоны Мәскеу маңындағы Жуковскийде 2021 жылдың 20-25 шілдесі аралығында өтеді. Авиасалон алаңында Ресейдің авиациялық-ғарыш кешені жетістіктерінің көрмесі мен әлемнің жетекші елдерінің жаңа авиатехникасының жәрмеңкесі ашылады.