Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен "Kazakh Tourism" шетелдік туристерді тарту мәселелерінде ынтымақтасатын болады

19/01/2023

Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталина Раду "Kazakh Tourism "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанға шетелдік туристерді тартуды ілгерілетудегі ынтымақтастық, сондай-ақ іс-шараларды бірлесіп өткізу жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.