Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен JAA үш жыл мерзімге оқыту қызметтерін көрсету туралы келісімге қол қойды

13/06/2024

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиациялық оқыту бойынша әлемдегі жетекші ұйым және Нидерландыда орналасқан ИКАО Платиналық озық орталығы JAA оқыту ұйымымен (JAA TO) үш жыл мерзімге оқыту қызметтерін ұсыну туралы келісімге (TSA) қол қойылғанын хабарлайды.

Келісімге Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду және JAA TO Бас директоры Паула В.де Алмедиа 2024 жылдың 13 маусымында Нидерландыдағы JAA TO штаб-пәтеріне ресми сапары кезінде қол қойды.

Келісім шарттарына сәйкес, JAA TO еліміздің авиация мамандарының біліктілігін, білімі мен құзыреттілігін арттыруға ерекше назар аудара отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлерін оқыту бойынша кешенді қызметтер көрсететін болады. Оқу бағдарламалары аудиториялық және виртуалды ортада ұшу қауіпсіздігі, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, авиациялық аудит және реттеуді қоса алғанда, көптеген тақырыптарды қамтиды.

"Біз JAA TO-мен ынтымақтастыққа қуаныштымыз және табысты өзара әрекеттесуге үміттенеміз. Бұл келісім бізге авиация мамандарына авиациялық қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігіне кепілдік бере отырып, дайындықтың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Каталин Раду.

JAA TO Бас директоры Паула В. де Альмедия былай деп қосты: "JAA TO Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға, авиация мамандарының білімін, дағдыларын және қарым-қатынасын арттыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға қуана үміттенеді. Біздің оқыту бағдарламаларымыз ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген және олар елдің авиация саласының болашақта тұрақты дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз".

Келісім Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлерін даярлау саласындағы әлеуетін дамытудағы маңызды кезең болып табылады және елдің өзінің авиациялық қызметінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бейілділігін көрсетеді. Келісім әуе көлігі секторының қауіпсіздігін және орнықты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында өңіраралық ынтымақтастыққа ықпал ете отырып, екі ұйым арасындағы қызметкерлерді даярлау саласындағы сенімді әріптестікті одан әрі нығайтады.