04/03/2024
EACAC ынтымақтастығы шеңберінде, Армения Республикасы Азаматтық авиация комитетінің шақыруы бойынша 2024 жылғы 26-29 ақпан аралығында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бас директордың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Дархан Еспотанов басқарған авиациялық қауіпсіздік саласындағы сарапшылары Арменияның Азаматтық авиация комитеті мен "Звартноц" халықаралық әуежайына (Ереван қ.) барды. Сапардың мақсаты - АҚШ пен Армения арасындағы тікелей әуе қатынасын ашуды көздейтін АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) алдағы алдын ала аудитінен өтуге консультациялық көмек көрсету.
Сапар барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сарапшылары Армения авиациялық билігінің қызметімен және "Звартноц" халықаралық әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік жүйесімен танысты, сондай-ақ Армения Республикасының авиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін олардың халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкестігі тұрғысынан талдады.
Жүргізілген шолу нәтижелері бойынша ҚАӘ сарапшылары елдегі авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін атап өтті және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша қабылданған шараларға оң баға берді. Авиациялық қауіпсіздік және сапаны бақылау қызметі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес келеді. Ереван қ. әуежайында қабылданатын шаралар мен процедуралар халықаралық талаптарға сәйкес келеді, ал кейбір аспектілерде шаралар белгіленген стандарттардан да асып түседі.
Сарапшылар Арменияның Азаматтық авиация комитеті қызметінің жекелеген бағыттары бойынша авиациялық қауіпсіздік шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар берді. Атап айтқанда, киберқауіпсіздік және азаматтық авиацияны ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы заңсыз араласу актілерінен қорғау саласына байланысты.
Өз кезегінде, қазіргі заманғы қауіпсіздік техникасын енгізудің зерттелген озық тәжірибесі Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу кезінде пайдаланылатын болады.
Сапар нәтижесінде Арменияның Азаматтық авиация комитеті және ҚАӘ өкілдері авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру және кеңейту туралы шешім қабылдады.