Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен Aireon авиацияда цифрландыру бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады
21/04/2023
Бүгін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры Каталина Раду американдық Aireon компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында соңғы пайдаланушыларға ұшақтар мен ұшулардың қауіпсіздігін арттыруға, тиімділікті арттыруға және пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік беретін қосымшаларды әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеу мәселелері талқыланды.
Ayreon
NAV Canada, ENAV, NATS, Ирландияның авиация басқармасы (IAA) және Naviair, сондай-ақ Iridium Communications сияқты әлемнің түкпір-түкпіріндегі жетекші аэронавигациялық қызмет провайдерлерімен (ANSP) серіктестікте Aireon әлемдік авиация саласында революция жасауда.