29/03/2024
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ мамандары Францияның Париж қаласында EUR/NAT ICAO өңірлік кеңсесі ұйымдастырған USOAP CMA ұлттық үйлестірушілеріне арналған семинарға қатысты.
Семинарға ИКАО және EASA Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Чехия, Австрия, Албания, Бельгия, Латвия, Греция, Венгрия, Израиль, Ұлыбритания, Швеция, Швейцария, Франция, Сербия, Словения, Португалия және Солтүстік Македония авиациялық биліктерінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында ИКАО-ның соңғы түзетпелері, стандарттарды енгізу мәселелері, Ұлттық үйлестірушілер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ ИКАО өкілдерінен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау ұйымын тексеруге арналған әмбебап бағдарламасының "USOAP CMA" соңғы әзірлемелері туралы жаңартылған ақпарат алу талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша ИКАО тиісті сертификаттары берілді.