Кіру

Басты бет >
“Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ өкілдері Қызылорда және Байқоңыр қалаларының бірқатар авиациялық кәсіпорындарын аралады

18/02/2021

Жұмыс сапары барысында “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ қызметкерлері Қызылорда қаласындағы “Қорқыт Ата” атындағы әуежайдың қазіргі қызметін зерделеп, оның инфрақұрылымымен танысты.


Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс пен әуежай директоры Константин Ни азаматтық авиация кәсіпорны қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды талқылады.


Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері “Байқоңыр” кешенінде болып, онда Байқоңыр қаласындағы “Крайний” әуежайының инфрақұрылымымен танысты және “Роскосмос” мемлекеттік корпорациясының Авиация орталығының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесуге “Роскосмос” мемлекеттік корпорациясының жерүсті инфрақұрылымын пайдалану орталығынан (ЦЭНКИ) авиация орталығының директоры Наталья Болдырева және “Крайний” әуежайының директоры Валерий Репях қатысты.


“Роскосмос” өкілдерімен келіссөздер нәтижелері Байқоңыр қаласының “Крайний” әуежайына рейстер орындау үшін қазақстандық әуе тасымалдаушыларды тарту мүмкіндігімен жолаушыларды тасымалдау және өңірде туризмді дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бар әлеуетін көрсетті.


Тараптар Қазақстан Республикасының әуе компаниялары өкілдерінің қатысуымен осы мәселені егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігі туралы түсінікке қол жеткізді.


Сондай-ақ, Байқоңыр қаласындағы сапарда Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің делегациясы Мәскеу авиациялық институтының (ғылыми-зерттеу орталығының) “Восход” филиалында болды.


“Восход” филиалының директоры Анатолий Просочкин студенттерді даярлаудың негізгі бағыттары мен үдерістерімен таныстырып, оқу орнының өндірістік базасын көрсетті.


Сапар барысында Қазақстан Республикасының азаматтық авиация кәсіпорындары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы ынтымақтастықтың мүмкін болатын аспектілері талқыланды.