Кіру

Басты бет >
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі өкілдері Үрімші қаласындағы авиахаб құрылысы жөніндегі форумға қатысты

12/07/2024

11-12 шілдеде Үрімші қаласында (Шыңжаң, Қытай) авиахаб құрылысы бойынша екіншіхалықаралық форум (the second ENUMQI international aviation Hub CONSTRUCTION FORUM) өтті. Іс - шараға "Қазақстанныңавиациялық әкімшілігі" АҚ өкілдері - Бас директордың аға кеңесшісі Әмір Ахметов жәнеавиациялық стандарттар жөніндегі маман ӘйгерімЕсмұрзаева қатысты.

Әлемнің түкпір-түкпірінен сала көшбасшыларымен ғалымдарын жинаған форумның басты назары еуразиялық көлік желісін дамытуға жәрдемдесуге, ынтымақтастық деңгейін арттыруға, сондай-аққауіпсіздік пен сапаның жоғары стандарттарынақол жеткізу үшін авиациялық хабтыңинфрақұрылымы мен операциялық тиімділігінжақсартуға аударылды.

Бұдан басқа, халықаралық авиациялықхабтардың өзара тиімді ынтымақтастығы және"Жібек жолын" дамыту шеңберінде олардыңқызметтері мен жедел мүмкіндіктерін жақсартужөніндегі стратегиялар талқыланды.

Форум аясында Қазақстанның авиациялықәкімшілігі өкілдері партия хатшысыныңорынбасары және Қытай әуе көлігі қауымдастығы(CATA) төрағасының атқарушы орынбасары Пан Иксинмен, CEO Manasik Aviation (Сауд Арабиясы) Юсуф Әл-Джуханимен кездесті.

Сала сарапшылары авиациялық хабтардыдамытудың құнды идеялары мен тәжірибелеріменалмасты. Негізгі ұсыныстар ұсынылды, соныменқатар бірқатар әуе компаниялар мен ұйымдарарасындағы ынтымақтастық туралы келісімдергеқол қойылды.