Кіру

Басты бет
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі өкілдері Монреаль қаласында өткен ИКАО-ның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық жоспарды әзірлеу жөніндегі зерттеу тобының отырысына қатысты

26/06/2026

Канаданың Монреаль қаласында өткен ИКАО-ның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық жоспарды әзірлеу жөніндегі зерттеу тобының он жетінші отырысына (GASP-SG/17) мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және авиация саласының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында ИКАО-ның 2029–2031 жылдарға арналған Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық жоспарының жаңа редакциясын әзірлеу мәселелерін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы өзекті жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлерді талқылады.
Отырыс шеңберінде ұшу қауіпсіздігі саласындағы әлемдік үрдістерді талдау нәтижелері қарастырылып, ИКАО, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) және Flight Safety Foundation (FSF) ұсынған талдамалық ақпарат таныстырылды. Сонымен қатар, ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесін жетілдіру, тәуекелдерді басқару және ұшу қауіпсіздігі бағдарламаларының тиімділігін бағалау мәселелері талқыланды. Алдағы жоспарлау кезеңіне арналған ИКАО-ның стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру, басым қауіпсіздік мәселелерін айқындау тәсілдерін әзірлеу және жаһандық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған отырысқа қатысу халықаралық озық тәжірибемен танысуға, азаматтық авиация органдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жаһандық саясатын қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.
Қазақстанның GASP-SG/17 жұмысына қатысуы Қазақстан Республикасының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге, ИКАО-ның Стандарттары мен Ұсынылатын практикасын (SARPs) енгізуге, сондай-ақ азаматтық авиацияның қауіпсіз әрі тұрақты дамуы мүддесінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растайды.