Кіру

Басты бет
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі киберқауіпсіздік бойынша семинар өткізді

01/08/2025

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі еліміздің 16 азаматтық авиация ұйымынан 20-дан астам қатысушыларды біріктірген авиация саласы үшін бірінші киберқауіпсіздік семинарын өткізді.

Іс-шара киберқауіптердің алдын алу және киберинциденттерді басқару саласындағы мамандарының хабардарлығын арттыруға және білімін тереңдетуге бағытталды. Интерактивті форматтағы іс-шара аудиторияны тартудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін, соның ішінде киберқауіпсіздікті нығайтуға кешенді тәсілді көрсететін киберинциденттерге әрекет ету бойынша практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды қамтыды.

Азаматтық авиациядағы киберқауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру, сала үшін киберқауіптер мен тәуекелдер туралы түсінік қалыптастыру, ICAO ережелері мен әдістемелік материалдарды, сондай-ақ авиациялық киберқауіпсіздік саласындағы ұлттық заңнаманы енгізу тәртібін ұсынумен байланысты негізгі мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар мемлекеттер мен мүдделі тараптар арасында халықаралық ынтымақтастық тетіктерін және ақпарат алмасуды дамытуға жәрдемдесу, киберинциденттер мен сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден келетін шабуылдардың алдын алу және оларға жедел әдістерін зерделеу және тәжірибеде қолдану мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде ICAO бойынша аудит жүргізудің ерекшеліктері мен нюанстарын қарастырды.

Семинарда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жетекші жаһандық вендерлердің қатысуымен панельдік презентациялар болды. TLab, Check Point, Eset, Good done, Fidelis және Tenable сияқты компаниялар өздерінің соңғы шешімдері мен деректерін ұсынды.